Атырау облысы: бірқатар кәсіпорындарға сертификаттар табысталды
Атырау облысы: бірқатар кәсіпорындарға сертификаттар табысталды
2 жыл бұрын 1392 halaldamu.kz

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы және ҚМДБ «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы Атыраудағы халал иемденген кәсіпорындарға сертификат табыстады.

Облыстық «Иманғали» орталық мешітінде "Coffee River" тамақтану орны, "Алиф" кондитерлік өнімдері және "Мирас" жартылай дайын өнімдеріне "QMDB Halal" сертификатына ие болды.

Аталмыш кәсіпорындар Халал өнімдерін өндіруге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар Мекеменің қызметі ЖШС СТ 96090-1-2021 стандартына сай екендігін растайды.

Атырау облысы: «Мако» шұжық және ет консерві өндірісіне сертификат табысталды 

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы және ҚМДБ «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы  «Мако» сауда белгісімен танымал «Kулгазиева А.А» ЖК шұжық және ет консерві өндірісіне жаңартылған «QMDB Halal» сертификатын табыстады.
Аталмыш кәсіпорын Халал өнімдерін өндіруге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар Мекеменің қызметі ЖШС СТ 96090-1-2021 стандартына сай екендігін растайды.

Мекен-жайы: Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, Өндірістік аймақ 31;

Мерзімі 07.02.2024 дейін жарамды. 

БҚО: «Жайық ет» құс фабрикасына сертификат табысталды 

ҚМДБ-ның БҚО бойынша Бас имамы Алибаев Самат Қанатқалиұлы «Жайық ет» ЖШС кәсіпорнына сертификатын табыстады.

Жылына 7 мың тонна құс етін өндіретін «Жайық құс» және «al-Aziza» сауда белгілерімен танымал кәсіпорын еуропалық заманауи техникамен жабдықталған.  Қазіргі таңда еліміздің батыс өңірін құс өнімдерімен қамтып қана қоймай, көршілес Ресейге де құс етін экспорттаумен айналысады.Бүгінгі аудит барысында құс фабрикасының бекітілген «QMDB Halal» стандарты талабына сәйкестігі тексерілді. 

Мекен-жайы: Орал қаласы, Рыбокомбинат шағын ауданы, 52/1;

Сертификаттың жарамдылық мерзімі: 05.02.2024 ж.

0 пікір
Мұрағат