Астана мен Алматының бірнеше кәсіпорны халал сертификатына ие болды
Астана мен Алматының бірнеше кәсіпорны халал сертификатына ие болды
1 жыл бұрын 655 halaldamu.kz
АСТАНА: КӘСІПОРЫНДАРҒА СЕРТИФИКАТ ТАБЫСТАЛДЫ 

Астана қаласындағы «Saf» дәмханасы мен «Aylas cake» кондитерлік цехы «QMDB Halal» стандарты бойынша сертификатталды. Сертификатты «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы табыстады.

«Аталған кәсіпорындар аумағында мамандар тарапынан тиісті аудит шаралары жүргізіліп, тексерістің оң қорытындысынан кейін ғана сертификат табыстау жөнінде шешім қабылданды. Алдағы уақытта сертификатталған кәсіпорындарда тұрақты аудит шаралары міндетті түрде орындалып тұрады», дейді А.Асқарбекұлы.

АЛМАТЫ: БІРНЕШЕ КӘСІПОРЫНҒА СЕРТИФИКАТ ТАБЫСТАЛДЫ 

Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан «Sorpaline» және «Чудо-Юфка» жартылай фабрикаттары, «Hajar tea» шәй өндірісі, «Бекбота ет» ет дүкені, «Бекет Ата», «Мырзахмет», «Әль-Азим», «Әль-Мадина» мешіт асханаларына «QMDB Halal» сертификатын табыстады. 

«Аталған кәсіпорындар аумағында мамандар тарапынан тиісті аудит шаралары жүргізіліп, тексерістің оң қорытындысынан кейін ғана сертификат табыстау жөнінде шешім қабылданды. Алдағы уақытта сертификатталған кәсіпорындарда тұрақты аудит шаралары міндетті түрде орындалып тұрады», дейді жергілікті өкіл Ерлан Тайлақов.

«AS QAZYNASY» ЖАРТЫЛАЙ ФАБРИКАТТАРЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Астана қаласындағы «Мира Мағзұм» кәсіпорнының «As Qazynasy» сауда белгісімен шығарылатын жартылай фабрикаттары сертификатталды. Сертификатты «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы табыстады.

Сертификаттау барысында аталған кәсіпорын аумағында тиісті бақылау-қадағалау шаралары орындалып, технолог мамандар бірнеше рет аудит жүргізді. Қолданыстағы өнімдер тиісті зертханалық сынақтан өткізіліп, кәсіпорын қызметкерлеріне оқу-семинар да ұйымдастырылды.

«As Qazynasy» жартылай фабрикаттарына берілген «QMDB Halal» сертификаты 07.12.2023 – 06.12.2024 мерзімі аралығында бір жылға жарамды. Мекен-жайы: Астана қаласы, Қорғалжын тас жолы, 110.

0 пікір
Мұрағат