Діни басқарманың «30 жылдыққа 30 игі шара» аясында Қызылорда облысы Арал ауданына қарасты Қарақұм ауылында құдық қазылып, ел игілігіне берілді.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйытқы болуымен жасалған скважина ауылдағы «Өтеп ишан» мешітінің ауласынан қазылды, тереңдігі – 25 метр.
Мешіт имамы мен жергілікті тұрғындар сауапты шараға мұрындық болған азаматтарға алғыс білдіріп, жүрекжарды лебізін жеткізді.