Алматы қаласының бас имамы менингококк вирусына қатысты мәлімдеме жасады
Алматы қаласының бас имамы менингококк вирусына қатысты мәлімдеме жасады
6 жыл бұрын 8416

Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқаев ораза ұстаған тұрғындарда менингиттің белгіліре байқалса, шариғат ауыз ашуға рұқсат еткенін айтты, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі. 

«Бүгінгі таңда қаламыздағы менингококк вирусының тіркелу оқиғалары жиілеуін және бірнеше адамның осы аурудан қаза болғанын ескере отырып, егер бойымызда менигиттің белгілері байқалған болса, уақыт оздырмай дереу дәрігерлерге қаралып, қажет болса оразаны ашуға шариғат рұқсат етеді. Рамазан айында нақты ауырған кісінің ораза ұстауы аурудың асқынуына, емнің кешігуіне кедергі болған жағдайда оған оразасын ашуға болады. Оразаның ауру кісіге зиянды екені не өзінің бұрынғы тәжірибесінен, не білікті дәрігердің нұсқауымен анықталуы қажет. Ұстамаған күндерінің қазасын соңынан басқа айларда сауыққанда өтейді. Қатты науқас кісінің: «Ауырсам да ұстай беремін», – деп шешім жасауы дұрыс емес. Себебі, денсаулық Алла Тағаланың адам баласына берген аманаты, оған қиянат жасауға болмайды. Біз қала тұрғындарын өз денсаулықтарын сақтауға, аманатқа қиянат етпеуге шақырамыз», - деп мәлімдеді қаланың бас имамы

Менингококк инфекциясы қалай жұғады?

0 пікір
Мұрағат