Алматы: Бас мүфтидің қатысуымен 500 отбасыға көмек көрсетілді
Алматы: Бас мүфтидің қатысуымен 500 отбасыға көмек көрсетілді
6 жыл бұрын 2429 muftyat.kz

Кеше Алматы Орталық мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазіреттің қатысуымен «Рамазан керуені» қайырымдылық акциясы болып өтті.

Бұл қайырымдылық акциясының мақсаты – жомарттық пен қайырымдылық айында әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетіп, көңілдерге қуаныш сыйлау болды.

Бас мүфти республикамыз бойынша жер-жерде өткізіліп жатқан «Рамазан керуені» қайырымдылық акциясының мақсаты мен әлеуметтік маңызына тоқталды. Сонымен қатар, қасиетті рамазан айының соңғы он күндігінде жасалып жатқан қайырымдық істері мен игі шараларға оң бағасын берді.

ҚМДБ-ның Алматы қаласы бойынша өкіл имамы Еркінбек Керімбекұлы да аталмыш шара туралы өз ойын сабақтап, Алматы қаласы Орталық мешітінің жанынан құрылған «Ықылас» қайырымдылық қорының тіркеуіндегі әлеуметтік аз қамтылған 500 отбасыға азық-түлікпен көмек көрсетіліп жатқанын айтты.

0 пікір
Мұрағат