AL BA Foods Company өнімдері шариғат талабына сай
AL BA Foods Company өнімдері шариғат талабына сай
5 жыл бұрын 2503 muftyat.kz Халал өнімдерін сертификаттау бөлімі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы шариғат талаптарына сәйкес халал өнімдерін сертификаттау бағытында да қызмет етіп келеді. Өйткені ішіп-жеген асымыздың адал болуы маңызды.

Аллаға шүкір, өндіріп жатқан және тұтынушыға ұсынып жатқан өнімдерін шариғат талаптарына сәйкес адал болуын қалайтын иманды жандар саны артып артып келеді. Бес күндік пайданы ғана ойламай ақыретін де есепке алған кәсіпкерлердің әрекеті өзгелерге үлгі болса деген ниеттеміз.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан ашылған «Халал даму» мекемесі пайда табу үшін жұмыс жасамайды әрі кәсіп етпейді. Мақсат – дүние мен ақыреттің таразысын тең ұстау. Шариғат бұйырғандай астың адалын ұсыну. Осы мақсатта халал сертификатын алған мекемелерге үнемі тексеріс жасалып тұрады. Себебі де белгілі. Біріншіден Алланың алдында, екіншіден жамағаттың алдында үлкен жауапкершілікті арқалап келеміз. Кезекті тексерісті Алматы қаласындағы AL BA Foods Company ЖШС-нің өнімдеріне жүргізілді. Мекеме шығаратын ет өнімдері TreeGene молекулярлық-генетикалық зертханадан өткізілді. Зертхана нәтижесі көрсеткендей талапқа сай екені анықталды.

0 пікір
Мұрағат