|
ӘЙЕЛ-ҚЫЗДАР АРАСЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҮЗДІК МАҚАЛАЛАР БАЙҚАУЫ ӨТЕДІ
|
Елін, жерін, отанын сүйетін, елжанды, иманды патриот ұрпақ тәрбиелеу үшін ҚМДБ-ның Жалпы және жастар ісі бөлімі «Әйелдер-қыздар» секторы жалпы жамағат арасындағы әйел-қыздарға арналған «Ислам және әйел» атты Республикалық ғылыми, діни-танымдық мақалалар байқауын ұйымдастырады! Мақала жазудың шарттары төмендегідей:
- Жазылатын мақала дінмен ұштасқан болуы қажет;
- Бір автордан бір мақала, көлемі 5-8 бет аралығында болу керек;
- Бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған болуы;
- Ғылыми фактілер келтірілген жағдайда сілтеме көрсетілуі;
- Туындының плагиат болмауы;
- Мақала Word форматы түрінде Times New Roman (14 кегльде (шрифт) қарпімен жазылуы тиіс;
- Мақала «Ислам және әйел» тақырыбы аясында болуға тиіс;
- Мақала жазушының (аты-жөні, елді-мекені, байланыс телефондары) болуы тиіс.
Үздік деп танылған 3 мақала төмендегі сыйлықтармен марапатталады.
Сыйлықтар:
1-орын – телевизор
2-орын – ноутбук
3-орын – ұялы телефон
Ескерту: Мақалалар 2017 жылдың 1 мамырына дейін мына электронды мекен-жайға жіберілуі тиіс: kmdbsektori2016@mail.ru
Байланыс тел: 8 (7172) 286 220
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Таяу Шығыс аймағынан алтынның ірі кеніші табылды
■
Ғалымдар сегізаяқты жасыруға көмектесетін қабілетті қайталауға мүмкіндік беретін пигментті өндірудің жолын тапты
■
Араб елінде алтын құймаларына арналған банкомат пайда болды
■
Әлемдегі ең автократиялы елдің қалта телефоны тек хабарласу құралы ғана емес, сонымен бірге, тыңшылық ету құрылғысы (видео)
■
Әлемде алғаш рет ұшқышсыз ұшатын Bayraktar Kızılelma жойғыш ұшағы ұшақты атып құлатты (видео)