АЙБЕК АТАШЕВ – ҚМДБ «ХАЛАЛ ДАМУ» ЖШС ДИРЕКТОРЫ (ФОТО)
АЙБЕК АТАШЕВ – ҚМДБ «ХАЛАЛ ДАМУ» ЖШС ДИРЕКТОРЫ (ФОТО)
5 жыл бұрын 2142 muftyat.kz ҚМДБ баспасөз қызметі

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Айбек Аташев ҚМДБ-ға қарасты «Халал даму» ЖШС директоры болып тағайындалды.

«Аташев Айбек Асқарбекұлы Бас мүфти көмекшісі қызметінен босатылып, ҚМДБ-ға қарасты «Халал даму» ЖШС директоры қызметіне тағайындалсын» делінген Бас мүфти бұйрығында.

Наурызбай қажы Тағанұлы Айбек Асқарбекұлын ресми тағайындау рәсімінде оның дін және мемлекеттік қызмет саласындағы еңбегін ерекше атап өтіп, жаңа қызметіне сәттілік тіледі. Сонымен қатар, халал стандарттау саласы бойынша жаңа жобаларды жүзеге асыруды тапсырды.  

Аташев Айбек Асқарбекұлы

1984 жылы Алматы облысының Жамбыл ауданында туған.

Білімі

2001 жылы орта мектепті бітірген соң Алматы қаласы Шет тілдерін оқыту орталығында «түрік, араб тілдері және исламтану» мамандықтары бойынша білім алды.

2002-2006 жылдары Шымкент қаласында «Отырар» университетінің «тарихшы» мамандығын үздік дипломмен аяқтады.

2006-2008 жылдары Алматы қаласында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «Дінтану» мамандығы бойынша магистратурасын бітірді.

Еңбек жолы

2007-2010 жылдары Түркия Республикасының Қазақстандағы елшілігінде аудармашы-асистент.

2010-2012 жылдары Астана қаласындағы Қазақ Гуманитарлық Заң университеті «шет тілдері және аударма ісі» кафедрасында оқытушы.

2012-2014 жылдары Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Зекет» қорының Астана қаласы бойынша атқарушы директоры.

2014-2016 жылдары Атырау облысы әкімдігінің «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығында теолог, директордың орынбасары.

2016-2017 жылдары Атырау облысы әкімдігінің Ақпараттық-талдау орталығының басшысы.

2014-2017 жылдары «Қазақстан-Атырау» телеарнасының «Иман нұры», «Назар» діни-танымдық телебағдарламаларының редактор-жүргізушісі қызметтерін қоса атқарды.

2017-2018 жылдары Астана қаласы әкімдігінің «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» басшысының орынбасары.

2018 жылдан бастап Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфтидің көмекшісі қызметін атқарды.

2020 жылдың 13 сәуірінен ҚМДБ-ға қарасты «Халал даму» ЖШС директоры қызметіне тағайындалды.

Отбасылық жағдайы

Үйленген, екі қызы, екі ұлы бар.

0 пікір
Мұрағат