Қазпочтадағы заңсыздықтар туралы құпия түрде хабарлауға болады
Қазпочтадағы заңсыздықтар туралы құпия түрде хабарлауға болады
9 жыл бұрын 3581 inform.kz

«Қазпочта» АҚ сыбайлас жемқорлық, этиканы бұзу, ұрлық фактілері мен басқа да бұзушылықтарды анықтау мақсатында «жедел желі қызметін» іске қосты. Бұл желі арқылы клиенттер, серіктестер және контрагенттер арыздарын құпиялы түрде жібере алады. «Бірнеше жыл бұрын басталған трансформация бағдарламасының аясында, біз теxнологиялар мен процестерді өзгерту бағытымен қатар, алаяқтық пен жемқорлыққа қарсы күрес жолында да жұмыс атқарудамыз. Клиенттеріміздің сенімділігін арттырудағы келесі қадамымыз - «жедел желі қызметі». Бұл қызмет көптеген сервистік компаниялардың сапасын көтере алған құрал болып табылады» - деп атап өтті «Қазпочта» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин. Қазпочтаның қызметіне қатысты кез келген құқықбұзушылық жайлы келесі жолдар арқылы хабарлауға болады: 1. hotline@bailanys.com электронды жәшігіне хат жазу; 2. +7-800-080-0831 нөмірі арқылы хабарлау; 3. http://www.bailanys.com сайтында арнайы үлгі бойынша мәлімет қалдыру. Азаматтар анықталған немесе жоспарланып отырған жемқорлық, айлакерлік және ұрлық фактілері; мүдделер қайшылықтары; заңсыз қаржы операциялары; қаржылық немесе басқарушылық есептемелердің бұрмалануы; кемсітушілік фактілері; жұмыс бабындағы және әлеуметтік қайшылықтар; іскерлік этиканының бұзылуы және т.б. туралы құпия түрде мәлімдей алады. Онымен бір мезгілде «Қазпочта» АҚ «жедел желі қызметін» жалған ақпарат тарату немесе бұзақылық мақсатта, сонымен қатар кек алу үшін қолдану заңды түрде жазаланатынын ескертеді. 

0 пікір
Мұрағат