Қазақтар қай елге көп шығады және шетелде демалуға қанша ақша жұмсайды?
|
Шетелде демалушылар әлі де болса әуе қатынастарының ыңғайына қарай жығылуда. Қазақ туристер тікелей чартерлік қатынастар немесе ыңғайлы тікелей рейстер бар елдерге барып демалады. Қазақстан туристік агенттіктік қауымдастығы (ҚТАҚ) директоры және Labean Tour жетекшісі Эльнара Етімова қазақтардың ең көп баратын елдерін атады.
Көшбасшы елдердің қатарында Хайнань, БАӘ, Түркия, Тайланд, ГОА, Грузия, Египет бар.
“Биыл тағы Куба мен Доминиканға ұшушылар байқала бастады. Өйткені бұл елдерге Мәскеуден тікелей рейс ашылған”, – дейді директор.
Chocotravel.kz порталының мәліметінше, қазақтар Ыстанбұл, Сеул, Анталия, Дубай, Прага, Киев пен Нью-Йоркке көп ұшады. Ал Бангкокқа сапар шегушілер азайған. Сеулге баратындар саны Дубайға ұшушылардан асып түскен.
Kaztour мәліметінше, Кипр, Грузия мен Чехия қазақ туристерін көптеп тарта бастады.
Ал қалталы азаматтар көбіне Түркия, Египет, БАӘ, Италия, Греция, Малайзия мен Тайландқа барып дем алатын көрінеді.
Бұлардан бөлек Вьетнам мен Шри Ланкаға да қызығушылық оянған.
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, орта есеппен 25 жастан үлкен әр қазақ 1,2 мың доллар жұмсайды.
Жалпы, әр турист 300 мың мен 1,2 млн теңге аралығында қаржы жұмсайды.