Қазақстанның шет мемлекеттерге көрсеткен гуманитарлық көмегі 10 млрд. теңгеден асты
|
Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко Қазақстан тарапынан шет мемлекеттерге жасалған гуманитарлық көмектің сомасын мәлім етті. Ол өз сөзінде 1990 жылдан бері Мәжіліс 1237 халықаралық шарттар мен келісімдерді мақұлдап, ратификациялағанын, оның ішінде ұйымдасқан қылмыспен және заңсыз көші-қонмен күрес жөніндегі БҰҰ конвенцияларына қосылу туралы және басқа да құжаттар бар екенін атап өтті. «Қазақстанның бітімгерлік қызметі мен дамуға ресми көмектесу туралы заңдарының орны бөлек. Соңғы жылдары еліміз шет мемлекеттерге көрсеткен гуманитарлық көмектің жалпы сомасы 10 млрд. теңгеден асты»,-деді В. Божко Мәжілістегі Үкімет сағаты барасында. Осы орайда ол бұл факторлар Қазақстанның абырой-беделін нығайтуда салмақты қадамдар болғанын, сондай-ақ БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне сайлануда елеулі ықпал еткендігін жеткізді. Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан алдағы екі жылдық кезеңге Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде өз жұмысын бастады.