Қазақстанның қордаланған қоқыс мәселесі
Қазақстанның қордаланған қоқыс мәселесі
7 жыл бұрын 5494 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Өздеріңіз білесіздер, елімізде бизнеске қолдау білдіретін, кәсіпкерлердің мұң-мұқтажын билікке жеткізетін аты дардай «Атемекен» атты ұлттық кәсіпкерлер палатасы барын. Кәсіпкерлер мен билік арасында дәнекер болып отырған білдей бір мекемеде еліміздегі қоқыс мәселесі талқыға салынды. Әлемде әлдеқашан тиімді табыс көзі болып отырған қоқыс мәселесі қордаланып, түйткілге айналғанын білесіздер. Бірақ, неге екені белгісіз, елімізде бұл кәсіптің басқан қадамы кері кетіп тұр. Қоршаған ортаға зиянын былай қойғанда, адам денсаулығына қауіп төндіретін қоқыс мәселесін кәсіпкерлер итере салмау керек. Мемлекеттің қолдауы болмаса, бұл мәселе шешімін таппайтынға ұқсайды. Елімізде шамамен 43 млрд тонна қоқыс жиналған. Яғни, өндірістік әрі тұрмыстық осынша қоқыстың тек 9%-ы ғана өңделеді екен. Қоқыс неге мұнша көп? Тұтыну дәуірі елімізде де белең алғанын білесіздер, осыған орай тұтыну індеті жайлаған қоғамда өндірістік және тұрмыстық қоқыстың көп шығатынын білесіздер. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының ақпараттық-коммуникациялық технология, білім беру және инновация комитетінің жетекшісі Мұрат Әбенов елімізде тұрмыстық қоқыстың тек он пайызы ғана өңделетінін жеткізе келе бұл көрсеткішті 40 пайызға дейін көтеруге болатынын тілге тиек етті.  Рас, елімізде қоқыс өңдейтін қымбат комбинаттар салынғанымен ол тиімсіз болып отырғанын да жасырмады. Бұл мәселені тиімді шешу жолдарының бірі өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелерін енгізуде жатқанын айтқан ол мұның өзі мәселені түбегейлі шешпейтінін алға тартты. Яғни, бұл шараның өзі жеткіліксіз. «Бүгінгі таңда қоқыс өңдейтін шағын бизнес құру мүмкіндігі бар, алайда, оған қатысты нормативті-құқықтық акті жоқ»,- деді ол сөз арасында.

0 пікір
Мұрағат