Қазақстанның қанша жерін шетелдіктер пайдаланып отыр?
Қазақстанның қанша жерін шетелдіктер пайдаланып отыр?
7 жыл бұрын 3150 bag.kz Ержан Жаубай

Астанада өткен Жер Кодексіне енгізілген жаңа өзгерістерге байланысты баспасөз конференциясында ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің Жер қатынастары мен жерге орналастыруды дамыту басқармасының басшысы Жанар Қаржанова журналистердің сауалына жауап беру кезінде Қазақстанның қанша жерін шетелдіктер пайдаланып отырғанын айтты. 

«Өздеріңіз білетіндей қоғамдық пікір туғызған мәселелер бойынша қолданыстағы мораторий мерзімі 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартылып, ауылшаруашылығы жерлерін қазақстандықтарға жеке меншікке және шетелдіктерге жалға беруді тоқтата тұратын өзгерістер енгізілген болатын. Ал бұрыннан пайдаланып келе жатқан шетелдіктер өз істерін жалғастырып жатыр. Нақтылап айтар болсақ, 65 мың гектар жерді шетелдіктер пайдаланып отыр. Әрине олар қазақстандық шаруалармен бірлесіп пайдаланып отырғанын да айта кету керек» - деді Жанар Қаржанова.

Ауыл шаруашылығы министрлігі ауыл шаруашылығы жерлерінің ең көп мөлшерін айқындау үшін тиісті Есептеу әдістемесін әзірлеуде, онда республиканың әрбір өңірінің жағдайы мен ерекшелігі ескерілетіп болады.

Қазіргі кезде Республика бойынша алаңы 25 мың га жоғары субъектілердің саны 301 құрайды (оның ішінде астықты өңірлерде - 225): 25-50 мың га дейін – 232 субъект; 50 -70 мың га – 32 субъект; 70 мың га – 37 субъектілер.

0 пікір
Мұрағат