Қазақстанның қай аймақтары климаттық өзгерістен қатты зардап шегетін болады
Қазақстанның қай аймақтары климаттық өзгерістен қатты зардап шегетін болады
6 жыл бұрын 9296 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Еліміздің аумағында жылына орташа есеппен 148 табиғи шұғыл жағдай орын алады екен. Бұл көрсеткіш 1990-шы жылдан бері тұрақты түрде артып келеді. Бұл өз кезегінде ел экономикасына және халықтың әлеуметтік жағдайына теріс әсер етеді. Бұл жайында Біріккен Ұлттар Ұйымының "ғаламдық экологиялық қор" даму бағдарламасының менеджері Сәулет Сәкенов мәлім етті. Оның айтуынша, климаттық өзгерістен тек Қазақстан халқы мен экологиясы емес, сонымен қатар, күллі әлем зардап шегеді. "Қазақстанда температура 60-шы жылдардан бастап ұдайы өсіп келеді",- деген ол ауа температурасының өсу жылдамдығы жылына шамамен 0,028 градусқа жеткенін немесе 10 жылда 0,28 градусқа көтерілетінін мәлімдеді. Одан келетін залалды есептеу мен бағалау жүйесін өзгерту креектігін алға тартты. Тек бүгінгі күннің шығынын ғана есепке алып қоймай, сонымен қатар, болашақта денсаулыққа келетін зияннан, инфрақұрылымның тозуынан болатын шығынды да ескеру қажеттілігіне тоқталды. Жері ұлан-байтақ Қазақстанда климаттық өзгерістің әсері әр өңірінде әр түрлі болатынын қаперде ұстау қажет. судың булануы артып, суға деген сұраныс артады. Елімізде 2030 жылға қарай ауа температурасы 1,5−1,7 градусқа, ал 2085 ылға қарай 2,7−4,7 градусқа көтерілуі мүмкін. Климаттың өзгеруінен ең алдымен Қазақстанның шығыс бөлігі мен Алматы облысы қатты зардап шегетін болады. Аталған аймақтар таулы-қыратты болғандықтан тасқын-селден, лай көшкінінен, жауын-шашынның мол түсуінен, дауылдан, саршұнақ аяз бен құрғақшылықтан көп зардап шегеді. Мәселен, халық көп шоғырланған Алматы облысында жауын-шашын 1990−2002  жылдар аралығында  3,9 есе көп түскен алдыңғы жылдармен салыстырғанда. Маманның сөзіне қарағанда, бұлай жалғаса беретін болса, Қазақстан болашақта, дәлірегі, 2050 жылға қарай астығының 40 пайызына дейін айырылып қалады. Сол себепті, билік ауыл шаруашылығын тездетіп реформалауды қолға алуы керек. климаттың өзгеруінен болатын жағымсыз жағдайдың алдын алу үшін. Нақтырақ айтқанда, агротехнологияны, механикаландыру, тыңайтқышты тиімді пайдалану, селекциялық жұмыстарды, ауыл шаруашылық өсімдіктерін әртараптандыру, т.б. 

0 пікір
Мұрағат