Қазақстанның көліктері қай мемлекеттерде сатылады?
Қазақстанның көліктері қай мемлекеттерде сатылады?
8 жыл бұрын 3835 inform.kz Арман Асқаров

«КазАвтоПром» автокөлік саласы кәсіпорындары одағының басқарма төрағасы Олег Алферовтың айтуынша, Ресейде қазақстандық көліктерді сату үшін ондаған автосалондар ашылды. Ал Түркменстан мен Қырғызстанға алғашқы көліктердің партиясы жіберілді.

«Еуразиялық экономикалық одақ туралы айтар болсақ, бүгінде оған кіретін елдерде Қазақстанда құрастырылған көліктерді сату жұмыстары қолға алынып отыр. Мәселен, өткен жылы «Азия Авто» компаниясы Ресей Федерациясында автосалондарды ашты. Атап айтқанда, Урал мен Сібір федералды округтарында 16 автокөлік орталықтары ашылды. Болашақта сол жерде Өскеменде құрастырылатын машиналар сатылатын болады. Бұдан бөлек, «АзияАвтоның» технологиялық әріптесі - «Рено-Ниссан» мен «АвтоВаз» альянсы бізге Ресей нарығына ғана емес, Орталық Азия елдеріне де шығуға рұқсат берді. Соның ішінде, Тәжікстан Өзбекстан, Түркменстан, Қырғызстан мен Моңғолия бар. Қазірдің өзінде «Азия Авто» мен «Бипэк Авто» компаниялары Түркменстан мен Қырғызстанға көліктердің алғашқы пилоттық легін жіберді. Аталған нарықтарда қазақстандық көліктерді сатуға қажетті инфрақұрылымды дамыту жұмыстары атқарылып жатыр», -дейді о.Алферов.

Оның сөзіне қарағанда, «Рено-Нисан» француз-жапондық альянсы, ресейлік «АвтоВаз» бен қазақстандық «Азия Авто» компанияларының одағы аясында әрбір фирманың тауар сататын өз нарығы белгіленді. Соның барлығы құжат түрінде рәсімделген. Онда қазақстандық «АзияАвто» компаниясының Ресейдің бір бөлігі мен Орталық Азия елдерінде көлік сату құқығы анық жазылып отыр.

0 пікір
Мұрағат