Қазақстанның ең әсем өңіріне Алматы мен Астанадан тікелей рейстер қатынайды
Қазақстанның ең әсем өңіріне Алматы мен Астанадан тікелей рейстер қатынайды
11 сағат бұрын 150 24.kz

Келер жылы Қатон-Қарағайға Алматы мен Астанадан тікелей рейстер қатынайтын болады, деп хабарлады 24.kz сайты

Көлік министрлігінің дерегінше, Қатон-Қарағай мен Зайсан бойынша ұшу-қоны орындары айқындалды. Туристік аймақтарла әуежайлардың құрылысы 2025 жылы басталады. "Қатон-Қарағайда Солдатов деген жерде, ал Зайсанда Сәтбай деген жерде болады. Оған Өнеркәсіпті қолдау қоры арқылы ATR деген арнайы ұшақтар сатып алынбақ.  Өйткені бізде оған ұшатын Bombardier деген 5 қана ұшақ бар, деді министр.

Марат Қарабаев, ҚР Көлік министрі: - Біз тек қана ол жаққа Өскеменнен ұшатын өңірлік ұшу-қону алаңы бола ма кішігірім немесе үлкен жасаймыз ба деп көп ойландық. Толыққанды шешіміміз былай болды. 1000-1500 шақырымға ұша алатын Bombardier Q400 деген Qazaq Air-дің ұшақтары бар. Солардың ұшақтары ұша алатын үлкен ұшу-қону алаңын жасаймыз. Оның ұзындығы 2200 шақырым болады. Сонда Астанадан, Алматыдан тікелей Қатон-Қарағайға, Зайсанға ұшу мүмкіндігі болады. Өнеркәсіпті қолдау қоры бар, сол арқылы  тағы да ATR-72 ұшақтарын сатып аламыз. Келесі жылы толығымен екі әуежайдың құрылысын аяқтаймыз.

0 пікір
Мұрағат