Қазақстанның Бас прокуратурасы мектептерде хиджаб киюге тыйым салуды заңды деп тапты
Қазақстанның Бас прокуратурасы мектептерде хиджаб киюге тыйым салуды заңды деп тапты
8 жыл бұрын 4299 inform.kz

Қазақстанның Бас прокуратурасы мектептерде хиджаб киюге тыйым салуды заңды деп тапты. Бұл туралы Today.kz сауалына жауап берген қадағалау органы хабарлады.

«Оқу ордалары әкімшілігінің бекітілген форма кию туралы талабы, сонымен қатар ішкі тәртіп, немесе жарғы, немесе келісімшарт талаптары заңды », - делінген хатта.

Бас прокуратурада атап өткендей, Конституцияның 22 бабына сәйкес. Әркімнің ар-ождан бостандығына құқығы бар, алайда бұл құқықты жүзеге асыру жалпы адамдық және азаматтық құқықтар мен мемлекет алдындағы міндеттерге байланысты болмауға немесе оларды шектемеуге тиіс.

«Ешкімнің де өз діни нанымдары себептері бойынша Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында көзделген міндеттерін атқарудан бас тартуға құқығы жоқ («Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңның 3-бабы 7-бөлімінде).

Жоғарыда аталған конституциялық және заңнамалық нормаларды есепке ала отырып, киім формасына қатысты оқушылардың заңда қарастырылған міндеттерді орындауы туралы талабы ар-ождан бостандығының, яғни белгілі бір діни сенімдерді ұстану құқығының бұзылуы ретінде қарастырылмайды», - деп түсіндірді қадағалау органы.

Еске сала кетсек, Білім және ғылым министірлігі, Әділет министрлігі және Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі мектептерде хиджаб киюге жол берілмейтіндігін мәлім еткен болатын
«Оқушы мектепке кірді ме, діни атрибутикасын шешуі тиіс. Мектептен шығысымен қайта кисе де болады. Мұнда ешкімге де моральдық зардап тигізбейміз деп ойлаймын» - деді ҚР Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева.
Өз кезегінде ҚР Әділет вице-министрі Зәуреш Баймолдина бұл тыйым бұрыннан барын еске салды.
«Қоса кеткім келеді, бұл жаңа тыйым емес. Бұл талап бұрыннан бар. Бұл талап білместіктен орындалмай келді. Мектеп формасының енгізілуімен бұл сұрақ өзекті болып кеткені рас. Аталған талап бізде бұрыннан келе жатыр», - деді ол.

0 пікір
Мұрағат