|
Қазақстанның алтын, мыс, көмір, темір қоры неше жылға жетеді?
|
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметінше, қазіргі өндіру көлемін ескерсек, Қазақстандағы негізгі пайдалы қазба қоры мынадай мерзімге жетеді:
- Алтын — 30 жыл
- Мыс — 38 жыл
- Қорғасын — 156 жыл
- Темір кендері — 957 жыл
- Көмір — 350 жыл
Сол сияқты тұрақтылық марганец, титан, молибден және басқа да стратегиялық маңызды пайдалы қазбалар бойынша да байқалады.
Бұл – қазбаларды ұтымды пайдаланып, геологиялық барлау жұмыстарын жүйелі жүргізу арқылы Қазақстан өз ресурстық әлеуетін сақтап қана қоймай, жаһандық шикізат нарығындағы орнын одан әрі нығайта алады деген сөз.
Ресурстық база тұрақтылығы – инвестиция тартудың, тау-кен өнеркәсібін дамытудың және елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі тірегі.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Cаудия барлық шетелдік инвесторға капитал нарығын ашады
■
Әлемдегі алғашқы су тұшшыландыратын суасты қондырғысының ең басты артықшылығы неде?
■
Мұсылман елі Илон Масктың әлеуметтік желісіне тыйым салады
■
Цифрлы дәуір Марокконың діни қайраткерлерін қайта қалыптастыруда
■
Қытайда чат-боттарға эмоциясын білдіруге тыйым салады