Қазақстанға келетін шетелдік туристер күніне 11 мың теңге жұмсайды (инфографика)
|
Статистика комитетінің мәліметтері арқылы ЭКСПО-2017 көрмесіне келетін қонақтың портреті құрастырылды. Анықталғандай, сауалнамаға қатысқандардың 91%-ы көрме туралы біледі және тағы үштен екісі көрмеге баруға дайын.
Жалпы алғанда 300 мың шетелдік келеді деген болжам бар. Орта есеппен олардың әрқайсысы 44 000 теңге жұмсауы қажет.
Сауалнамаға сай, шетелдіктердің 65%-ы құны 3-5 мың теңгелік билет алып, көпшілігі қонақүйге орналасады. Қалада 2 күн болады. Шетелдіктердің көпшілігі Астанадан бөлек Бурабайға, Ақмола және Қарағанды облыстарына баруды жоспарлап отыр.
Ал Қазақстанға келетін жалпы шетелдік туристің портреті өзгеше болды. Ол елімізде 6 күн болып, 64 мың теңге жұмсайды. Яғни әр тәулікте — 11,3 мың теңге. Шығындардың көп бөлігі халықаралық тасымалға жұмсалады. 18% азық-түлік емес тауарлар сатып алуға, 39% киім мен аяқ киімге, 27%-ы сыйлықтар мен кәдесыйға жұмсалады.