|
Қазақстандықтардың ақшалай кірісі азайды
|
2016 жылдың тамыз айында халықтың жан басына шаққандағы ортша ақшалай кірісі 74 117 теңгені құрады. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 8,8%-ға жоғары, алайда, нақты ақшалай кіріс аталған кезеңде 7,5%-ға азайған, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі.
«Қызметкердің орташа номиналды айлық жалақысы 2016 жылдың қыркүйек айында 139 279 теңгені құрады», — деп мәлімдеді ведомство.
Сондай-ақ, қыркүйек айындағы жағдай бойынша жұмыссыздардың саны 447,2 мың адамды құрады. Халықтың экономикалық белсенділігіне байланысты жұмыссыздар деңгейі — 5%. Ал жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендер қыркүйек айында 74,4 адам болды.
Айта кетейік, статистика комитетінің ақпараты бойынша 2015 жылғы жұмыссыздар саны да 5%-ды құраған.