Қазақстандықтар тағы бір елге визасыз бара алатын болды
Қазақстандықтар тағы бір елге визасыз бара алатын болды
2 ай бұрын 459 inbusiness.kz Гүлайым Аманқос

Қос тараптың өкілдері келісімге қол қойды.

Қазақстан тағы бір африкалық елмен визасыз режимге қол жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz  сайты.

Қазақстан Сьерра-Леоне деп аталатын Африка мемлекетімен дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қойды.

Еліміздің Сыртқы істер министрлігі БҰҰ Бас Ассамблеясы 79-сессиясының шеңберінде өткен кездесулер барысында құжаттарға қол қойған. 

"Қазақстан мен Сьерра-Леоне дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қойды”, – делінген Сыртқы істер ведомствосының ақпаратында.

Айта кетейік, Сьерра-Леоне – батыс Африканың Атлант мұхиты жағалауында орналасқан мемлекет. Сьерра-Леоненің астанасы – Фритаун қаласы, ал ресми тілі – ағылшын.

0 пікір
Мұрағат