Қазақстандықтар шілде айында қанша күн жұмыс істеп, қанша күн демалады
Қазақстандықтар шілде айында қанша күн жұмыс істеп, қанша күн демалады
5 жыл бұрын 2838 7kun.kz Таңшолпан Ғазизқызы, kafanews.com

Қазақстан Республикасының тұрғындары 2019 жылдың шілдесінде 22 күн жұмыс істейді, ал 9 күн демалады.

6 шілде елорда күні – биыл сенбіге келеді, сондықтан демалыс 8 шілде, дүйсенбіге ауыстырылады. Нәтижесінде бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар үш күн – 6, 7 және 8 шілдеде демалады.

Астана күнін Қазақстандықтар 1998 жылдан бастап атап өтеді, бұрын бұл мейрам 10 маусым болатын. 2006 жылы қала күні 6 шілдеге ауыстырылды. Бұл күні Парламенттің елорданы Нұр-Сұлтанға ауыстыру туралы шешім қабылдағаны ғана емес, Қазақстанның Тұңғыш Президенті — Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың туған күні де атап өтіледі.

1994 жылдың 6 шілдесінде Қазақстанның астанасын Алматыдан Нұр-Султанға ауыстыру туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің қаулысы қабылданды. 1997 жылы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы түпкілікті шешім қабылдады. 1998 жылғы 6 мамырда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Ақмола атауы Астана болып өзгертілді.

0 пікір
Мұрағат