Қазақстандықтар ҚХР-дың Хайнань провинциясына визасыз кіре алады
Қазақстандықтар ҚХР-дың Хайнань провинциясына визасыз кіре алады
7 жыл бұрын 2368

2018 жылдің 1 мамырынан бастап, Қазақстан, Ресей, Ұлыбритания сынды 59 елдің азаматтары ҚХР- дің Хайнань провинциясына визасыз кіре алады. Бұл тұралы 18 сәуір Бейжіңде болған баспасөз конференциясында, Қытай қоғамдық қауіпсіздік министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа ақпарат агенттігіне сілтеме юасай отырып.

Бұл 59 елдің тізімінде Қазақстан, Ресей, Ұлыбритания, Франция, Германия, Норвегия, Украина, Италия, Австрия, Финляндия, Нидерланды, Дания, Швейцария, Швеция, Испания, Бельгия, Чехия, Эстония, Греция, Венгрия, Исландия, Латвия, Литва, Люксембург, Мальта, Польша, Португалия, Словакия, Словения, Ирландия, Кипр, Болгария, Румыния, Сербия, Хорватия, Босния, Черногория, Македония, Албания, Америка Құрама Штаттары, Канада, Бразилия, Мексика, Аргентина, Чили, Австралия, Жаңа Зеландия, Оңтүстік Корея, Жапония, Сингапур, Малайзия, Таиланд, Филиппин, Индонезия, Бруней, Біріккен Араб Әмірліктері, Катар, Монако, Беларусь мемлекеттері бар.

Осы мәселе бойынша таратылған мәліметтерге қарағанда, жоғарыда аталған елдің азаматтары Хайнаньға туристік мақсатта және Хайнаньда құрылған туристік агенттіктің қабылдауы арқылы шекаралық бақылау бекетіне кірсе, Провинцияда 30 күн визасыз болуға рұқсат беріледі.

0 пікір
Мұрағат