Бүгінде қазақстандықтар үшін Бразилия, Аргентина, Колумбия және Эквадорға визасыз режим орнатылған. Бұл туралы бүгін Қазақстанның Бразилия Федеративтік Республикасындағы елшісі Қайрат Саржанов СІМ-де өткен брифингте айтты.
Қазақстандықтар Латын Американың бірнеше еліне визасыз кіруі мүмкін
|
«Біздің дипломаттар мен жекелеген мемлекеттік қызметшілер Чилиге визасыз бара алады. 2017 жылы Чили үкіметі қазақстандық азаматтардан туристік визалар үшін консулдық төлемді алып тастады. Бүгінде Перу, Уругвай және Венесуэлаға азаматтарымыздың визасыз баруы туралы келісімге келу мәселелерін талқылап жатырмыз. Сонымен қатар, Боливия, Перу, Венесуэла және Уругваймен дипломатиялық, қызметтік паспорты барларды визалық талаптардан босату туралы келіссөз жүріп жатыр. Жақын арада оларды шешеміз деген үміттемін», - деп мәлімдеді Саржанов.
2016 жылдан бастап қазақстандықтар үшін Бразилия, Аргентина, Колумбия және Эквадорға визасыз режим орнатылды.
Брифинг Қазақстанға ресми сапармен келетін Бразилияның СІМ Алоизио Нунестің алғаш рет ресми сапармен келуіне орай «Қазақстан мен Бразилия арасындағы ынтымақтастық жайы және перспективалары» тақырыбында өтті.
28 қазанда Бразилияның жаңа президенті болып Жаир Мессиас Болсонару сайланды. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев құттықтау жолдаған болатын.
1 қарашада Бразилия Федеративтік Республикасының Сыртқы істер министрі Алоизио Нунеса Феррейра Қазақстан Республикасына ресми сапармен келеді.
Елші брифинг барысында Бразилияда есірткімен ұсталған қазақстандықтар жайлы айтты және Қазақстан мен Бразилия арасында 2018 жылдың қаңтар-тамыз аралығында тауар айналымы 82,3 млн долларды құрағанын мәлімдеді.
Бразилиялық Embraer компаниясы әлемде жолаушылар тасымалдайтын ұшақ шығаратын компания ретінде танымал. Елшінің айтуынша, Эйр Астана осы компаниядан келесі жылы 5 ұшақ сатып алуды жоспарлап отыр.