Қазақстандықтар көбінде қандай аурулардан қайтыс болады
Қазақстандықтар көбінде қандай аурулардан қайтыс болады
1 жыл бұрын 901 inform.kz Дәулет Ізтілеу

Отандастарымыз жиі шалдығатын ауру түрлері белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2021 жылмен салыстырғанда өткен жылы ауруға шалдығу көрсеткіші 5,7%-ға төмендеп, 48301,40 құрады. Соңғы жылдары азаматтар көбіне тыныс алу органдары ауруларына жиі ұшырайды (2021 жылы – 21964,12, 2022 жылы – 18883,3). Екінші орында - ас қорыту жүйесінің аурулары (2021 жылы – 3981,2, 2022 жылы – 3691). Отандастарымыз жиі шалдығатын келесі дерт қан айналымы жүйесіне қатысты (2021 жылы – 3000,6, 2022 жылы –2759,6)», - деген жауап келді Денсаулық сақтау министрлігінен ҚазАқпарат тілшісі жолдаған сауалға.

Сондай-ақ, аталған ведомство ұлттық статистика бюросының биылғы 6 айдағы өлім-жітім жайлы мәліметін ұсынды.

«Өлім көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда 9,3% төмендеді. Өлім-жітімге жиі алып келетін - қан айналым жүйесі аурулары. Ол бойынша биыл 6 айда 147,22 адам қайтыс болған. Екінші орында - қатерлік ісік түрлері, биыл жарты жылда 66,13 өлім тіркелді. Үшінші кезекте тыныс алу органдары аурулары, ол 64,42 адамды өлімге алып келген», - дейді министрліктен.

Айта кетсек, биыл жарты жылда медицина сапасына 4,6 мыңнан астам шағым түскен.

Сондай-ақ, шетелден келген қазақстандықтардың көбінде қандай ауру, инфекция немесе вирус жұқтырып келетіні белгілі болды.

0 пікір
Мұрағат