|
Қазақстандықтар жеке тұлғалардың ЖСН бойынша сенімділігін тексере алады
|
Енді 3 минуттың ішінде жеке тұлға туралы мәліметтерді білуге болады.
Қазақстандық Kompra стартапы жеке тұлғалардың ЖСН бойынша сенімділігін тексеруді іске қосты. Бұл туралы the-tech.kz сайты хабарлады.
Енді 3 минуттың ішінде жеке тұлға туралы төмендегі мәліметтерді білуге болады:
- Іздеуде болуы;
- Хабар-ошарсыз жоғалғандардың тізілімінде болуы;
- Атқарушылық іс жүргізудің болуы;
- Шығуға шектеу тізілімінде болуы;
- Алимент төлеу бойынша борышкерлер тізілімдерінде болуы;
- Балаларға қатысты қылмыстары үшін сотталғандардың тізілімінде болуы (педофилдер тізілімі);
- Терроризм мен экстремизмді қаржыландырған адамдар тізілімінде болуы;
- Салық берешегінің болуы;
- Байланысты компаниялар (директор немесе құрылтайшы);
- Қолданыстағы ЖК.
Құқықтық жағынан шектеулер жоқ. Сервисте тек жалпыға бірдей қолжетімді дербес деректер (субъектінің келісімімен немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құпиялылық талаптары қолданылмайтын жеке деректер) пайдаланылады. Олар мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылған.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жасанды зерде құрастырған роботтың «сұмдығы» неде (видео)
■
Инсулинді ине арқылы қабылдау машақатынан құтқаратын бірегей әдіс пайда болды
■
Төңкеріс: барлық бағытқа қозғалуға мүмкіндік беретін жүйе дронға ерекше маневр жасауға көмектеседі (видео)
■
Әуесқой инженер үйдей үлкен қол жасап, оны арнайы қолғаппен басқарады (видео)
■
Араб елінде қалаға қарағанда ауылдық жерлерде кемтарлар көп...