Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі қазақстандықтар Жаңа жыл мерекесіне қанша күн демалатынын түсіндірді.
|
Қазақстандықтар Жаңа жыл мерекесінде қанша күн демалады?
|
2016 жылдың 31 желтоқсанынан 2017 жылдың 3 қаңтарына дейін демалыс күндері болып есептеледі.
31 желтоқсан сенбіге cәйкес келіп тұр.
«Қазақстан Республикасындағы мерекелер» туралы заңның 3-бабына сәйкес Жаңа жыл мемлекеттік мерекесі 1 және 2 қаңтарда аталып өтеді.
Заңның 5-бабына сәйкес, демалыс және мереке күні сәйкес келген жағдайда мерекеден кейінгі жұмыс күні демалыс болады. 2017 жылдың 1 қаңтары жексенбіге түсіп тұрғанын ескерсек, демалыс күні жексенбіден сейсенбіге (мерекеден кейінгі жұмыс күні) ауысады.
Бәрін қосқанда төрт демалыс күні шығады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Еліміздегі сақтандыру компанияларына «ислам терезесін» ашуға рұқсат берілуі мүмкін
■
Қытай әскерін адам тәрізді роботтармен толықтырады
■
Пластикті тыңайтқышқа айналдыру жолы табылды
■
Араб елі басқа отын тасымалдаудың нұсқасы болмаса да Үрміз бұғазын айналып өтетін жобадан бас тартты. Неге?
■
Күллі әлемде мұнай кені сирек табылатын болды