2017 жылдың қаңтар-қараша айларында жекелеген сауда айналымы 7,7 трлн теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2016 жылмен салыстырғанда 6,1%-ға көп, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі LS сайтына сілтеме жасап.
|
Қазақстандықтар биыл азық-түлікке қанша ақша жұмсады?
|
Статистика комитеті мәліметіне сүйенсек, жекелеген саудадағы азық-түлік үлесі 36,7%-ды (2,8 трлн теңгеден сәл жоғары) құрап отыр. Ал азық-түлікке жатпайтын тауарлардың үлесі - 63,3% (4,9 трлн теңгеден сәл жоғары).
2016 жылдың қаңтар-қараша айларымен салыстырғанда азық-түлік тауарларының сатылымы 8,7%-ға, ал азық-түлікке жатпайтын тауарлардың үлесі 4,5%-ға өскен. 4,3 трлн теңгеден (55,4%) жоғары үлес ірі сауда кәсіпорындарына тиесілі. Ал 3,4 трлн теңгеден (44,6%) жоғары үлес қаладағы базарлар мен үйлер маңындағы дүкендерге тиесілі.
Жыл басынан бері көтерме сауда айналымы 17 трлн теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2016 жылмен салыстырғанда 1,2%-ға жоғары.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Бір елдің өзінде 1 жылда 6 млн-нан аса Інжіл кітабы сатылған
■
«Мұсылмандар НАТО-сы»: Түркия аймақта маңызды қадам жасайды
■
Қытай Интернет үшін міндетті цифрлық идентификаторды енгізді. Қытай неге азаматтарға «цифрлық бедел» енгізді
■
Химиктер тауардың жасанды көшірмесін жасауға жол бермейтін технология ойлап тапты
■
Тағы бір мұсылман елі Илон Масктің чат-ботына тыйым салды