|
Қазақстандықтар бірыңғай банкоматты пайдалануы мүмкін
|
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы аумағында екінші деңгейлі банктерге қарасты 10-нан аса процессингтік орталық жұмыс істейді. Жыл соңына дейін бір орталықтан жүзеге асырылатын жоба әзірленеді. Бұл жайында Ұлттық банктің төрағасы Қайрат Келімбетов мырза жария етті. Екінші деңгейлі банктер бұл жобаға қосылатынын немесе қосылмайтынын өздері шешетін болады. Қаражатыңды бірыңғай мөлшерлеме бойынша қолма-қол ақшаға айналдыруға мүмкіндік беретін «Бірыңғай прецессингтік орталық» құру туралы бастама осыдан екі жыл бұрын көтерілген болатын. Аталмыш бастама Еуразиялық экономикалық одақ құру, әрі экономикалық маңызы зор интеграцияны тереңдету үдерісі жүріп жатқандықтан әлі күнге көкейтестілігін жоғалтқан жоқ.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жапонияда автокөлік енді автотұрағы бар адамдарға ғана сатылады
■
Мұсылман елі вейпке толық тыйым салмақ
■
Ұшатын көлікті енді қарапайым адамдар да сатып ала алады
■
Қазақстанда ислами инвестициялық АІ агенті пайда болады
■
Өсімдік ақуызы артық салмақпен күресуге көмектесіп қоймай, қартаю процесін тежейді