Қазақстандық стартаперлер БАӘ-нен бесжылдық виза ала алады
Қазақстандық стартаперлер БАӘ-нен бесжылдық виза ала алады
6 жыл бұрын 2328 7kun.kz Гүлдана Қазтай.

Біріккен Араб Әмірліктерінің билігі перспективалы технологиялық компаниялардың негізін қалаушылар мен меншік иелеріне бес жылдық резиденттік визалар бере бастады, деп хабарлайды vestifinance.ru әмірліктің The National басылымына сілтеме жасап.

Иорданияда өткен Таяу Шығыс жөніндегі халықаралық экономикалық форумда жүздеген араб технологиялық стартаптарының қатысушылары үшін алғашқы виза беру туралы жарияланды. Шешім БАӘ-ін ең инновациялық және серпінді елдердің біріне айналдыруға көмектеседі, деп жазады басылым.

Бесжылдық визаны компаниялардың иелері немесе негізін қалаушылар, олардың серіктестері ала алады, алайда визаға үш негізгі қызметкер үміткер болады. Технологиялық стартап кез келген елден болуы мүмкін.

«Біз осы аймақтағы таланттарды көріп, форумда бірден жүз араб стартаптан бастадық. Біз бұл таланттарды пайдаланғымыз келеді, ұсыныс барлығына ашық», – деді Dubai Future Foundation бас атқарушы директоры Хальфан Белхуль.

Айта кетейік, БАӘ билігі белгілі ғалымдарға, жоғары білікті мамандар мен дарынды студенттерге бес және онжылдық виза алуға өтінім қабылдауды бастады.

0 пікір
Мұрағат