Қазақстандық әуекомпаниялардың атмосфераға бөлетін зиянды қалдықтар мөлшері аталды
Қазақстандық әуекомпаниялардың атмосфераға бөлетін зиянды қалдықтар мөлшері аталды
3 жыл бұрын 1399

2021 жылы қазақстандық әуекомпаниялардың шығарындыларының көлемі шамамен 800 мың тоннаны құрады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, 2019 жылы Қазақстанның авиациялық әкімшілігі CORSIA (Халықаралық авиация үшін көміртегі шығарындыларын өтеу және азайту жүйесі) пилоттық және бірінші фазасына ерікті түрде қатысатынын жариялады. Жобаға қазіргі уақытта әлемнің 111 елі қатысады. 

Енді Қазақстанның авиациялық әкімшілігі ICAO-ға (Халықаралық Азаматтық авиация ұйымы) қазақстандық авиакомпаниялардан шығарындылар саны туралы есеп жібереді. Осылайша, 2019 жылы қазақстандық әуекомпаниялар шығарындыларының көлемі 832 026 тонна, 2020 жылы 315 805 тонна, 2021 жылы шамамен 800 000 тоннаны құрады.

0 пікір
Мұрағат