Қазақстандағы үздік перзентханалардың рейтингісі жасалды
Қазақстандағы үздік перзентханалардың рейтингісі жасалды
8 жыл бұрын 2647 Tengrinews.kz

Қазақстандағы үздік перзентханалар мен перинаталдық орталықтардың рейтингі жасалды, деп хабарлады Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының баспасөз қызметі.

Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының сайтында 2016 жылдың бірінші жартысындағы қалалық перзентханалар мен перинаталдық орталықтарда атқарылған жұмыстардың қорытындысы жарияланды. Тізімдегі алғашқы бестікте Алматы қаласының перзентханалары тұр. Олардың ішінде №1 перзентхана, перинаталдық және балалар кардиохирургия орталығы, №5 перзентхана, №4 перзентхана мен қалалық перинаталдық орталық бар. Ал 6-орында Ақтау қалалық перинаталдық орталығы тұр.

Астана қаласындағы №2 перинаталдық орталық болса, тізімнің 12-орнында тұрақтады. 

Рейтингтің соңында Жамбыл облысы әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасының перинаталдық орталығы тұр. Айта кетейік, тізімде жалпы 28 медициналық мекеме бар. 

0 пікір
Мұрағат