Қазақстандағы қырғыз мигранттары өздерінің кәсіподағын құрмақ
Қазақстандағы қырғыз мигранттары өздерінің кәсіподағын құрмақ
6 жыл бұрын 2220 Abai.kz

Ресей мен Қазақстанда жұмыс істейтін Ош, Баткен және Жалал-Абад облыстарының еңбек мигранттары өздерінің кәсіподағын құрмақ.

Мұндай бастама қазір талқыланып жатыр екен, алда ресейлік «Новопроф» ұйымымен әріптестік орнатпақ.

Бұл бастамаға себеп болған Баткен облысының құқық қорғаушысы Гүлнәр Дербишева өзінің идеясын жеткізді.

"Мигранттардың құқығын бір жағынан жұмыс берушілер бұзады, екінші жағынан полиция қызметкерлері бұзады. Оған тағы жалған құжат дайындап береміз дейтін арадағы делдалдар қосылады. Нәтижесінде мигранттың проблемасы басынан асады. Олар кімнен көмек сұрайтынын білмейді. Егер жаңа кәсіподақ құрылса, олар құқықтарын қорғай алады", - дейді ол.

Бұл бастама Баткен, Жалал-Абад және Ош облысынан шыққан мигранттардың қатысуымен өткен жиналыста айтылған. Кәсіподаққа мүше болғысы келетіндер ай сайын 50 сом төлеп тұрады.

Гүлнәр Дербишева бұл қаражат жұмысты жүргізу үшін жұмсалынады дейді. "Мигранттардың өздері және отбасы кәсіподақ мүшелері бола алады. Қазіргі кезде біз бұл ұйымға жоғары сынып оқушыларын да тартып жатырмыз. Себебі, егер ертең олар шетелге жұмыс істеуге шықса, алдынан не күтіп тұрғанын білуі керек. Біздің заңгерлер оларға тегін кеңес береді. Біздің әріптесіміз ресейлік "Новопроф" ұйымы оларға еңбек келісім-шартын қалай дайындау керектігін үйретеді", - дейді ол.

Ресми мәлімет бойынша, бүгінде 600 мың қырғызстандық шет елдерде жұмыс істеп жүр. Ресми емес мәлімет бойынша, бұл көрсеткіш одан да жоғары болуы мүмкін.

0 пікір
Мұрағат