Қазақстандағы пайдалы және тиімсіз бизнес түрлері анықталды
|
2016 жылы Қазақстан компаниялары 6,8 трлн теңгенің өнімін шығарды.
Тауар сату мен қызмет көрсетуден түскен табыс 9,9 трлн теңгеге жетіп, қызметтер мен тауарлардың өзіндік құны 6,5 трлн теңге болды. Ал өндірістік емес шығындар 3 трлн теңгені құрады. Салық төлегенге дейінгі табыс 1,7 трлн теңге болды.
Статистика комитетінің мәліметінше, қазақстандық компаниялардың тиімділігі 18,3 пайыз деңгейінде. Соның ішінде, ең жоғары көрсеткіштен тау-кен өндіркәсібі (42 пайыз), құрылыс (23,8 пайыз) пен электрмен қамту саласы (18,5 пайыз).
Сонымен қатар, басқару мен көмекші қызмет көрсету саласының тиімділігі 16,9%, өңдеу өнеркәсібі тиімділігі 16,2%, қонақүй мен тамақтану саласының тиімділігі 13,7%, көлік және қойма 13,3%, ауыл, орман және балық шаруашылығы 10,3% болды.
Ал пайдасы аз салалар сауда (7,8%), байланыс (7,0%), жылжымайтын мүлікпен операция (6,9%), тұрғын үй-коммуналды шаруашылығы (2,0%) және қаржы қызметтері (1,1%).
Ал керісінше зиян шеккен салалар ғылыми қызмететр (-2,9%), өнер мен сауық (-9,4%) және басқа да қызметтер (-11,8%).