Қазақстандағы жеңіл көліктер саны 6 млн. 134 мыңға жетті
Қазақстандағы жеңіл көліктер саны 6 млн. 134 мыңға жетті
8 жыл бұрын 3393 inform.kz Қ.Мәметқазыұлы

2016 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасындағы жеңіл автомобильдер саны 6 млн. 134 мың бірлікті құрады. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінен хабарланды.

«2016 жылғы қаңтар-шілдеде Қазақстан Республикасында 394 мың 374 жеңіл автомобиль тіркелген. Бұл өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 9,1 пайызға жоғары. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасында 2016 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша жеңіл автомобильдердің барлық саны 6  млн. 134,0 мың бірлікті құрады. Соның ішінде тіркеуден шығарылған  2276 мың бірлік, тіркелгендер 3858 мың бірлік», - делінген баспасөз баянында.

Айта кетерлігі, 2016 жылдың қаңтар-шілде аралығында елімізде тіркелген автокөліктер саны 394374-ті құраса, оның ішінде ең көп үлес  Оңтүстік Қазақстан облысына тиесілі болып отыр (53 мың 551 бірлік). Одан кейінгі орындарда Алматы облысы  52 397 бірлік, ал Алматы қаласында  46 мың 616 көлік тіркелген. Есепті кезеңде автокөліктер ең аз Солтүстік Қазақстан - 9 мың 445, Атырау  11 470 және Батыс Қазақстан  12 098 облыстарына тиесілі болды. 

0 пікір
Мұрағат