Қазақстандағы жасанды банкноттар махинациясы
Қазақстандағы жасанды банкноттар махинациясы
5 жыл бұрын 4040 Гүлдана Қазтай, meshok.net

Қазақстанда 2011 жылғы үлгідегі номиналы 5000 теңгелік қолдан жасалған банкноттардың анықталу жағдайларының жиілеп кетті. Қолдан жасалған банкноттардың сериялық нөмірі — ВВ 5547994, бірақ, басқа нөмірлер де болуы мүмкін. Бұл туралы 7kun.kz ақпарат көзі ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлады.

«Қолдан жасалған банкноттар қорғалған қағазда компьютерлік техника пайдаланыла отырып жасалған, банкноттың бүкіл бетінде геометриялық фигуралар түріндегі сутамғы белгілері бар. Сонымен бірге, оларда мифтік «Самұрық» құсы түріндегі сутамғы белгінің имитациясы бар. Қолдан жасалған банкноттарда қорғаныш элементтері: сутамғы белгі, үзік жіп, жасырын және аралас бейнелер, барыс қанатының бейнесі түріндегі «СПАРТ» қорғаныш элементі, ультракүлгін жарықпен ғана көрінетін бейнелер және басқалары имитацияланған», — делінген хабарламада.

Қаржы реттеушісі ультракүлгін жарықпен қарағанда қолдан жасалған банкноттың көгілдір түсі болмайтынын атап өтті. Сондай-ақ, ведоствоның мәлімдеуінше, мұндай банкноттардың түрлі-түсті талшықтарын қолдан ақша жасаушылар бояумен салады. 5000 теңгелік қолдан жасалған банкноттың түстері түпнұсқасына қарағанда көмескіленіп тұрады.

Бұл ретте Ұлттық банк халықты қырағы болуға және жалған банкноттарды ажыратуға көмектесетін бірнеше ережелерді сақтауға шақырды.

1. Алдымен банкнотты сезіну қажет. Банкноттың қағазы ерекше сықырлайды. Банкноттарда бедер беретін арнайы мөр бар. Бұл бедерді «Қазақ елі» монументі, банкнот номиналының әріппен берілген, архитектуралық бейнелер, Қазақстан картасы және «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу салынған жерде байқауға болады.

banknota-2.jpg

Банкноттардың барлығында қол сипағанда жақсы білінетін, шығыңқы бедерлі элементтер түріндегі, нашар көретін адамдарға арналған белгілер бар.

2. Содан соң банкнотты мұқият қарау қажет. Банкноттың түсі анық әрі контрасты болуы тиіс, сутамғы белгіні және номиналдың цифрлық бейнеленуін көретіндей етіп банкнотты жарық түсіріп қарау қажет.

banknota-4.jpg

Осы сияқты жазуы бар үзік сызық түрінде банкноттың бетіне шығып тұратын тұтас магнитті және үзік-үзік жіпке назар аудару қажет, ол жарық түскен кезде жазуы бар тұтас жіп түрінде көрінеді.

banknota-5.jpg

3. Банкнотты айналдырып қарау қажет. Номиналы 1000, 2000, 5000, 10000 және 20000 теңгелік банкноттарда түсі ауысып отыратын бояумен салынған сурет түріндегі бейнелер бар. Банкнотты қисайту бұрышын өзгерткен кезде бейнелердің түсі жасыл түстен алтын түстес түске дейін өзгереді.

banknota-6.jpg

Номиналы 2000 және 5000 теңгелік банкноттардың сырт жағында голографиялық жолақ бар. Голограммадағы бейнелер құбылып тұрады және динамикалық әсері бар.

banknota-7.jpg

«Көрсетілген «сезін, қара және айналдырып қара» әдістері арнайы жабдықты пайдаланбай банкноттарды жылдам көзбен тексеру үшін жеткілікті. Аталған әдіс 5 секундқа да жетпейтін уақыт алады және банкноттардың түпнұсқалығын тексеруге көмектеседі»,- деді Ұлттық Банкте.

0 пікір
Мұрағат