Қазақстандағы еңбек мигранттарының басым бөлігі Қытайдан келген
Қазақстандағы еңбек мигранттарының басым бөлігі Қытайдан келген
6 жыл бұрын 2725 7kun.kz

Еңбек мигранттарының басым бөлігі Қытайдан (5,2 мың), Түркиядан (1,8 мың), Ұлыбританиядан (1,4 мың), Үндістаннан (1,7 мың) және Украинадан (863) келген.

Қазақстанда 2019 жылдың 1 қаңтарынан 20,3 мыңға жуық шетелдік маман жұмысқа квота алды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, 2018 жылға дейін шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота жұмыс күшінің 0,46%-ын құрады, бұл 41 мың бірлікті құрайды (2017 жылы квота 0,6%, бұл 54,1 мың бірлікті құрады).

Жұмысқа рұқсаттардың басым бөлігі Атырау облысында (7,9 мың), Астана (2,2 мың) және Маңғыстау облысында (2,1 мың) берілді.

Еңбек мигранттарының басым бөлігі Қытайдан (5,2 мың), Түркиядан (1,8 мың), Ұлыбританиядан (1,4 мың), Үндістаннан (1,7 мың) және Украинадан (863) келген.

Атап айтқанда, шетелдіктер құрылыс (11,9 мың), әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету (3,2 мың), тау-кен өндіру (2,6 мың) және өңдеу (1,9 мың) өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы (1,7 мың) салаларында орналасады.

0 пікір
Мұрағат