|
Қазақстандада қанша алтын қоры бар?
|
Қазақстан ең ірі алтын қоры бар 100 елдің рейтингінде 21-орнын сақтап қалды. Бұл рейтингті "World Gold Council" сарапшылары жасаған. Халықаралық сарапшылар ұйымының мәліметінше, Қазақстанда 267,7 тонна алтын бар, оның елдегі алтынвалюта резервіндегі үлесі 35,7 пайызға тең. Рейтингте АҚШ 8133,5 тонна алтынымен көш бастап тұр. Оның алтынвалюта резервіндегі үлесі 75,1 пайыз. Одан кейін Германия (3377,9 тонна), Италия (2451,8 тонна), Франция (2435,9) елдері тұр. Алтыншы орынға Қытай 1842,6 тоннасымен жайғасты. Посткеңестік елдердің ішінде алтыны ең көп ел Ресей - 7-орында. Беларусь - 48-орында.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Тек микроскоппен көрінетін бактериядан да кіші QR-код жасалды
■
Ораза уақыты: Ел өңірлері арасындағы уақыт айырмашылығы қандай
■
Обырға қарсы киллер жасушалардан арнайы жасақ пайда болады
■
Қытайлар 3D принтерде басып шығару жылдамдығы бойынша рекорд орнатты
■
Адамзатқа қатерлі қауіптердің қатарына тағы екі фактор қосылды