Қазақстанда тұрғын үйді сатқан жағдайда қандай салық міндеттемесі туындайды
Қазақстанда тұрғын үйді сатқан жағдайда қандай салық міндеттемесі туындайды
6 жыл бұрын 4438

Тұрғын үйді бір жылдан аз уақыт иеленген қазақстандықтар мүлікті сату кезінде мәміледен түскен табыстың он пайызы көлемінде салық төлеуі тиіс. Бұл жағдайда салық тек пәтерлер мен үйлерге ғана емес, сондай-ақ Қазақстан аумағында орналасқан саяжай құрылыстары, гараждар мен жеке қосалқы шаруашылық нысандарын сату кезінде де салынады, деп жазады Stan.kzақпараттық агенттігі хабарлайды ҚР мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Салық сатудан түскен кіріске салынады. Осындай мүлікті сату құнының өсуінен түскен табыс - бұл мүлікті сату құны (бағасы) мен оны сатып алу бағасы арасындағы оң айырма болып табылады.

Мысалы, азамат 2018 жылдың қаңтарында 10 миллион теңгеге (26 мың доллардан астам) пәтер сатып алды делік. Және ол  сол жылдың қыркүйек айында  мүлігін 12 миллион теңгеге (32 мың доллар) сатады. Сонда өсімнен түскен пайда екі миллион теңге (5, 3 мың доллар) болмақ.

Ескере кетсек, ақысыз мүлікті сату кезінде құнның өсуі басқаша анықталады. Егер жеке меншік үй иесі тұрғын үйді өзі салып және оны сатса немесе үй оған мұра ретінде берілсе, онда құн өсімінен түсетін пайда сатылатын баға мен  нарықтық баға арасында оң айырмашылық болады. Бұл ереже қайырымдылық көмек болған жағдайда да қолданылады.

Ал бағаланатын және нарықтық баға арасындағы айырмашылық бағалаушы мен салық төлеуші арасында жасалған шарт бойынша белгіленеді. Осындай нарықтық бағаны жеке тұлға сол секілді мүлік өткізілген салықтық кезең үшін жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс етуге белгіленген мерзімнен кешіктірмей айқындауы керек.

Сондай-ақ, мүлігін сатқан азамат жеке табыс салығы бойынша декларацияны мүліктік табыс алынған жылдан кейінгі жылдың 31 наурызына дейін ұсынуы қажет.

0 пікір
Мұрағат