ҚАЗАҚСТАНДА ТҰРАТЫН ҰЛТ ПЕН ЭТНОСТАРДЫҢ ҮЛЕСІ (2016 Ж.)
|
Қазақстандағы 2016 жылғы көрсеткіш бойынша халық саны 18 миллионға жақындаған. Оның 12 миллионы қазақтар, әрі Қазақстанда жан саны 100 мыңнан асатын 8 этнос өмір сүреді. Бұл туралы Статистика комитетінің Қамшы ақпараттық агенттігінің сауалына берген жауабында белгілі болды. Статистика комитетінен агенттік «Қазақстанда тұрып жатқан этностар тізімі мен олардың жан саны үлесін» сұраған болатын. Статистика комитеті төрағасы Қ. Орынханов қайтарған жауап хатта Қазақстанның 2016 жылғы демографиялық көрсеткіштері қоса берілген. Оған сай Қазақстанда тұратын жан саны ең көп этнос орыстар. Олар Қазақстан халқының 20,1 пайызын құрайды. Сәйкесінше өзбектер 3,1, украиндар 1,58, ұйғырлар 1,45, татарлар 1,13, немістер 1 пайызды құраса, қалған этностар жан саны халық санының 1 пайызына жетпейді. 2009 жылғы халық санағы көрсеткішіне сай, жан саны халықтың 1 пайызынан асатын қазақ ұлтынан басқа 8 этнос болса, 2016 жылғы көрсеткіш бойынша 6 этнос жекелей 1 пайыздан асады. Сонымен қатар, 2009 жылғы санаққа сай 22 этностың жан саны 10 мыңнан асатын болса, 2016 жылы бұл көрсеткішті тек 17 этнос көрсетіп тұр. Белгілі болғандай, өткен жылы 35 мың адам республика аумағынан көшіп кеткен. Сәйкесінше елге келіп ірге тепкендер саны 13670 адамды құрайды. Алайда, бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2016 жылы 16 мың 417 отбасы немесе 33 мың 754 этникалық қазақ тарихи Отанына қайта оралып, оралман мәртебесін алды, — деп хабарлаған еді.
Қазақстандағы этностардың мәдениетін көркейту, ұлттық саясатты іске асыру, Қазақстан Республикасындағы қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, мемлекеттік және азаматтық қоғам институттарының этносаралық қатынастар саласындағы өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру мақсатында 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан халқы Ассамблеясын Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган мәртебесімен құрылған болатын. 2007 жылғы мамыр айында Қазақстан Республикасы Конституциясына бірқатар өзгерістер енгізілді. Қазақстан халқы Ассамблеясына конституциялық мәртебе берілді, ол ҚР Парламенті Мәжілісіне тоғыз депутат сайлау құқығына ие болды.
Естеріңізге салсақ, 2009 жылғы халық санағы бойынша Қазақстанда ресми тіркелген этностар төмендегідей болатын. 1. Қазақтар - 9 540 806 2. Орыстар - 3 869 661 3. Өзбектер - 463 381 4. Украйындар - 422 680 5. Ұйғырлар - 241 946 6. Татарлар - 226 803 7. Немістер - 220 975 8. Кәрістер - 103 931 9. Әзірбайжандар - 93 972 10. Белорустар - 87 090 11. Түріктер - 89 083 12. Дұнгандар - 49 605 13. Поляктар - 39 869 14. Күрдтер - 39 660 15. Шешендер- 36 555 16. Тәжіктер - 34 296 17. Қырғыздар - 20 931 18. Башқұрттар - 20 323 19. Ингуштер - 17 849 20. Молдавандар - 17 380 21. Армяндар - 15 127 22. Гректер - 11 310 23. Мордвалар - 10 864 24. Чуваштар - 9139 25. Удмурттар- 7540 26. Болгарлар - 6222 27. Литвандар - 6183 28. Грузиндер - 5774 29. Қарақалпақтар - 5593 30. Марийлар - 5584 31. Сығандар - 5207 32. Лезгиндер - 4643 33. Еврейлер - 4068 34. Қытайлар - 3961 35. Парсылар - 3517 36. Түркімендер - 2129 37. Балқарлар - 2107 38. Үндістан және Пәкістан халықтары - 1930 39. Осетиндер - 1871 40. Латыштар - 1421 41. Аварлар - 1417 42. Эстондар- 1375 43. Қарашайлар - 1364 44. Қырым татарлары - 1044 45. Арабтар - 953 46. Дарғындар - 944 47. Ауғандықтар- 821 48. Коми-пермяктар - 761 49. Чехтар - 754 50. Моңғолдар - 752 51. Қалмақтар - 738 52. Құмықтар - 734 53. Твалар - 635 54. Гагауздар- 620 55. Адыгайлар - 604 56. Румындар - 597 57. Лактар 574 58. Буряттар - 537 59. Ағылшындар - 515 60. Венгрлар - 485 61. Алтайлықтар - 476 62. Финндер - 454 63. Ноғайлар - 438 64. Американдықтар - 436 65. Сахалар(якуттер) - 415 66. Италияндықтар - 404 67. Чувандар - 388 68. Карелдер - 365 69. Хакастар - 362 70. Табасарандар - 345 71. Удиндер - 342 72. Асираилдіктер - 338 73. Комилер - 288 74. Абхаздар - 214 75. Шорлар - 210 76. Черкестер - 176 77. Ненецтер - 176 78. Абазиндер - 149 79. Агулдар - 137 80. Кабардиндер - 98 81. Халха-моңғолдар - 96 82. Кубалықтар - 95 83. Рутулъдер - 93 84. Долгандар - 83 85. Коряктар - 76 86. Въетнамдықтар - 67 87. Татар - 66 88. Хорваттар - 63 89. Сербтер - 61 90. Австриялықтар - 60 91. Словактар - 58 92. Испандар - 57 93. Албандықтар - 55 94. Француздар - 51 95. Евразиялық еврейлер - 50 96. Удегейлер - 49 97. Жапондар - 46 98. Голландықтар - 45 99. Вепстер - 43 100. Эванкілер - 38 101. Белуджилер - 37 102. Грузиндіктер - 35 103. Эвендер - 34 104. Таулық еврейлер - 33 105. Хантылар - 31 106. Қырымшақтар - 31 107. Тофалар - 30 108. Қарайымдар - 29 109. Мансылар - 24 110. Цехурлар - 23 111. Чукчалар - 22 112. Нанайлықтар - 22 113. Ижорлар - 17 114. Алеуттер - 14 115. Нивхилер - 10 116. Ителмендер - 10 117. Энецтер - 9 118. Кеттер - 9 119. Юкагилер - 8 120. Орогтар - 8 121. Даттықтар - 7 122. Селъкуптар - 4 123. Уличтер - 4 124. Нагидалықтар - 4 125. Саамдар - 3 126. Үльттар - 2 127. Наганасандар - 2 128. Эскимостар - 2 129. Басқалары -1357 Барлығы: 15 776 492