Қазақстанда «Талибан» мәртебесі өзгеріссіз қалады – ҚР СІМ
Қазақстанда «Талибан» мәртебесі өзгеріссіз қалады – ҚР СІМ
1 жыл бұрын 860 inform.kz Айжан Серікжанқызы. Фотоколлаж AR; фото: sputnik-tj.com; rus.azattyq.org

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров «Талибан» ұйымына қатысты Қазақстанның позициясы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстанда «Талибан» мәртебесі өзгеріссіз қалады. Қазақстан мен Ауғанстан арасында өндірушілер мен экспортттаушыларға тиімді экономикалық қарым-қатынастар ғана бар», - деді ресми өкіл министрліктің апталық брифингінде.

Айта кетейік, «Талибан» экстремистік ұйымының қызметіне Қазақстанда тыйым салынған.

Сонымен бірге А. Смадияров жақында өткен Қазақстан-Ауғанстан бизнес-форумын еске салды.

«Онда негізінен бизнесмендер келіп қатысты. Сауда министрлігі хабарлағандай, көптеген келісімшарттар бекітіліп, үшкүндік жәрмеңке өтті», - деді спикер.

Бұған дейін Айбек Смадияров «Қазақстанға оқуға келетін ауған жастарынан қауіп бар ма?» деген сұраққа жауап берген еді.

Сондай-ақ Қазақстан Ауғанстан қыздарын оқыту бағдарламасын жалғастыруға дайын.

Еске салайық, «Қазақстан «Талибан» қозғалысын тыйым салынған ұйымдар тізімінен алып тастай ма?» деген сұраққа бұған дейін Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тумыш жауап берген болатын.

0 пікір
Мұрағат