Қазақстанда Ресейлік неше компания бар? (инфографика)
Қазақстанда Ресейлік неше компания бар? (инфографика)
3 жыл бұрын 2223

Қазір Қазақстанда шамамен 7,8 мың Ресейлік компания жұмыс істеп жатыр екен. Ал Ресейден келетін импорт көлемі шамамен 9 миллиард долларға жеткен. 

Бұл солтүстіктегі көрші елдің Қазақстан экономикасына қаншалықты ықпал жасап отырғанын көрсетсе керек.

Еліміздегі Ресей кәсіпорындары мен өкілдіктерінің саны бір жыл ішінде 4%-дан асты.  Компаниялардың көпшілігі сауда мен құрылыс саласына бейімделген.

Сонымен қатар, Ресей Қазақстанға тауар жеткізумен де айналысады. 2021 жылдың жеті айының есебінше,  Ресейлік импорт көлемі 8,9 миллиард доллорға жетіп, 2020 жылмен салыстырғанда 19%- ға өскен.

Негізгі тауарлары - қара металдар, тамақ өнімдері, пластмасса бұйымдары, ағаш, автомобильдер, алтын, мұнай өнімдері және т.б.

Abai.kz ақпараттық порталы Еуразиялық экономикалық одақ пен Кедендік одақ аясында әріптестік жасап отырған көрші Ресейдің Қазақстан экономикасына ықпалы туралы  егжей-тегжейлі баяндалған инфографика ұсынады.

Әзірлеген Айжан Темірхан

Abai.kz

0 пікір
Мұрағат