Қазақстанда Қытайдың 700 компаниясы бар, енді жаңа 56 кәсіпорны салынады
Қазақстанда Қытайдың 700 компаниясы бар, енді жаңа 56 кәсіпорны салынады
4 жыл бұрын 2340

Қазір Қазақстанда Қытайдың 700-ден астам кәсіпорны бар. Бұл жайында kznews.kz ақпарат көзі мәлім етеді. 

ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов ҚХР Коммерция министрі Ван Вэньтаомен екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға келісті.

Қытай Қазақстан үшін дәстүрлі түрде негізгі сыртқы сауда әріптестерінің бірі болып табылады. Өткен жылы Қытаймен сауда айналымының үлесі Қазақстанның жалпы саудасының 18,1%-ын құрады.

2020 жылдың қорытындысы бойынша елдер арасындағы өзара сауда 4%-ға өсіп, 15,4 млрд.$ құрады. Бұл ретте, Қытайға экспорт 9 млрд.$, Қытайдан импорт 6,4 млрд.$ құрады құрады.

Бұдан басқа, Қытай Қазақстанға инвестициялардың жалпы көлемінің 4,7%-ын ала отырып, Қазақстанның ірі инвесторларының бестігіне кіреді, – деп хабарлайды Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі.

Мәселен, индустриялық-инвестициялық ынтымақтастық бағдарламасы аясында 24,5 млрд.$-ға 56 заманауи кәсіпорын салу жоспарлануда, Қазақстан аумағындағы бірлескен Қазақстан-Қытай кәсіпорындарының саны 700 бірліктен асты.

«Екі жақты сауданы жақсартудағы тиімді және өзара тиімді ынтымақтастықтың маңызды құрамдас бөлігі ретінде біз Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы 2020-2025 жылдарға арналған сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту бағдарламасына қол қоюды қарастырамыз», – деді Бақыт Сұлтанов.

Бүгінгі таңда Қазақстанның Сауда және интеграция министрлігі AliExpress Россия (Alibaba group) компаниясымен және Цайняо логистикалық операторымен (Cainiao Alibaba group бөлімшесі) қолданыстағы логистикалық сервистерді дамыту және жаңаларын жасау, атап айтқанда, ҚХР-дан Қазақстан Республикасына жер үсті көлігімен магистральдық тасымалдауды іске қосу бойынша жұмыстар жүргізуде.

Сонымен қатар, екі елдің министрлері ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты дамытудағы зор әлеуетті және ҚХР-ға жоғары сапалы ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізуді ұлғайту мүмкіндігін атап өтті.

«Екі жақты сауда-экономикалық ынтымақтастық әлеуетін толық іске асыру үшін қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін ҚХР нарығына шығару бойынша Қытай тарапының көмегі қажет», – деді Сауда және интеграция министрі Б.Сұлтанов.

Сонымен қатар, Қазақстан ҚХР-ға жоғары сапалық сипаттамаларымен ерекшеленетін түрлі өсімдік шаруашылығы өнімдерін жеткізуге мүдделілік білдірді.

Тараптар одан әрі ҚР мен ҚХР мемлекеттік органдарына жетекшілік етумен екі ел аумағында сауда үйлерін құру мүмкіндігін қарастырды.

Қазіргі уақытта Сауданы дамытудың 2025 жылға дейінгі ұлттық жобасы аясында 2022 жылдан бастап Қазақстанның бірқатар сауда үйлерін шетелде ашу жоспарланған.

Бүгінгі күнге Қазақстанның ҚХР-ға экспортты арттыруда әлеуеті бар. ҚХР-дағы ҚР-ның жалпы теориялық әлеуеті металлургия, тамақ өнеркәсібі, мұнай химиясы және химия, машина жасау және құрылыс тауарлары сияқты салаларда 60 тауар позициясы бойынша 808 млн.$-ға жуық сомаға бағаланады.

Дереккөз: Нарық

0 пікір
Мұрағат