Қазақстанда қару ұстауға рұқсат беру жасы ұлғайтылуы мүмкін
Қазақстанда қару ұстауға рұқсат беру жасы ұлғайтылуы мүмкін
4 жыл бұрын 2435

Ішкі істер министрлігі азаматтардың қару алу жасын 21 немесе 24 жасқа дейін ұлғайтпақшы. 

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Баймұқашев жасты ұлғайту мәселесі назар аударуға тұрарлық екенін айтты.

Қазір қару алуға рұқсат заңнамада 18 жастан бастап қарастырылған. Депутаттар бұл жасты 21 немесе 24 жасқа дейін ұлғайтуды ұсынды.

Бұл мәселе Денсаулық сақтау министрлігінің құзыретіне жатады. Олар адамның психофизиологиялық қасиеттерін, жас ерекшеліктерін зерттеп, қорытынды шығарады. 

– Алкогольдік ішімдіктер 21 жастан бастап сатылады, сондықтан қару сатып алу жасын ұлғайту жақсы ой, – деді Баймұқашев.

Еске салсақ, Қазан мектебіндегі қайғылы оқиғадан кейін Парламент Мәжілісінің депутаты Андрей Линник елдің премьер-министрінен білім беру мекемелеріндегі қауіпсіздікті күшейтуді сұрады.

0 пікір
Мұрағат