ҚАЗАҚСТАНДА ҚАЛДЫҚТАРДЫ ӨҢДЕУДІҢ ҚАЙ ТҮРІ ДАМЫП КЕЛЕДІ?
ҚАЗАҚСТАНДА ҚАЛДЫҚТАРДЫ ӨҢДЕУДІҢ ҚАЙ ТҮРІ ДАМЫП КЕЛЕДІ?
2 жыл бұрын 1269

Қазақстанда қалдықтарды өңдеу және кәдеге жарату деңгейі әлі де айтарлықтай төмен. Бұл жайында ranking.kz ақпарат көзі мәлім етеді. Мәселен, 2021 жылы ҚР-дағы қатты тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ) көлемі 4,2 ​​млн тоннаны құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан 7,4% аз, ал ҚТҚ өңдеу мен кәдеге жарату үлесі 23,4% ғана. Сонымен қатар, өңдеу үлесі жылдан жылға өсіп келеді: 2020 жылы бұл көрсеткіш 19,1%, 2019 жылы — 14,9%, 2018 жылы — 11,5%, 2015 жылы — небәрі 1,8% болған.

Ал коммуналдық қалдықтарға келетін болсақ, олардың көлемі, бір жылда 13,6% өсіп, 4 млн тоннаға жетті. Бұл ретте, коммуналдық қалдықтарды өңдеу және кәдеге жарату үлесі 2020 жылғы 20,5%-дан 2021 жылы 13,6%-ға дейін төмендеді. Алайда 2020 жылға дейін ол 13%-дан да аз еді.

Сонымен қатар, ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, өндірістік қалдықтардың түзілуі 2021 жылы бір жылда 59,3% азайып — 759,9 млн тоннадан 309,6 млн тоннаға дейін кеміді. Өндірістік қалдықтарды өңдеу және қайта пайдалану үлесі 2021 жылы 7,6%-ды құрады.

0 пікір
Мұрағат