Қазақстанда қағаз нұсқадағы 086 анықтамасы жарамсыз болады
Қазақстанда қағаз нұсқадағы 086 анықтамасы жарамсыз болады
6 жыл бұрын 4942

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі  нормативтік құжаттарға өзгертулер енгізуді қолға алып жатыр. Бұл жайында Қазақпарат хабар таратты. 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жемқорлықтың алдын алу мақсатында жұмыс берушілерден №086 үлгідегі қағаз түріндегі анықтамаларды қабылдамауды сұрайды.

«Біз Денсаулық сақтау мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктеріне ұсыныстар бердік. Қазіргі кезде «086» анықтамасы бойынша ақпараттық база құрылды. Емханалар медициналық тексеруден  өткендер туралы барлық мәліметтерді (электрондық нұсқада) енгізіп жатыр. Енді осыны нормативтік тұрғыда бекіту керек, яғни жұмыс беруші адамды қызметке қабылдаған кезде осы базадан қарай алады. Яғни қағаз түріндегі анықтамалардың заңды күші болмайды. Менің ойымша, бұл бағыттағы жұмыстар жыл соңына дейін аяқталып қалады», – деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Астана қалалық департаментінің басшысы Жазира Жылқышиева.

Айтуынша, бүгінде мұндай анықтамалар оңай саудаланады. Қазақстанда орта есеппен бір күнде осындай 10 анықтама беріледі.

0 пікір
Мұрағат