|
Қазақстанда полицейлер тағы бір тіл білуге міндеттелді
|
Бұл туралы inbusiness.kz сайты Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешевтің мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып хабарлады.
Қазақстанда патрульдік полиция қызметкерлеріне ишарат тілін білу міндеттелді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ведомство өкілінің айтуынша, ишарат тілін білу полиция қызметкерлеріне есту қабілеті бұзылған адамдарға көметесу кезінде және төтенше жағдайларда жедел әрекет етуге көмектеседі.
"Ерекше қажеттіліктері бар адамдар жиі қиын немесе қауіпті жағдайларға тап болады. Сондықтан біздің барлық патрульдік полиция қызметкерлері адамға қолдау және қажетті көмек көрсетуге мүмкіндік беретін қарапайым қимылдарды меңгереді. Бұл жай ғана ресмилік емес, адам өмірін сақтап қалатын маңызды дағды", – деді Әлекешев.
Министрлік өкілінің айтуынша, әрбір патрульдік қызметкер: "Уайымдамаңыз, полиция сізбен бірге, біз сізге көмектесеміз" деген сөздерді қимылмен көрсетуді білуі керек.
"Бұл, әсіресе, аудармашы табуға уақыт жоқ немесе қарапайым, бірақ, маңызды хабарды жедел жеткізуді қажет ететін төтенше жағдайларда өте маңызды. Бұл тәсіл полицияға есту қабілеті бұзылған адамдармен тез байланыс орнатуға мүмкіндік береді", – деді министрлік өкілі.
Қазақстанда патрульдік полиция қызметкерлеріне ишарат тілін білу міндеттелді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ведомство өкілінің айтуынша, ишарат тілін білу полиция қызметкерлеріне есту қабілеті бұзылған адамдарға көметесу кезінде және төтенше жағдайларда жедел әрекет етуге көмектеседі.
"Ерекше қажеттіліктері бар адамдар жиі қиын немесе қауіпті жағдайларға тап болады. Сондықтан біздің барлық патрульдік полиция қызметкерлері адамға қолдау және қажетті көмек көрсетуге мүмкіндік беретін қарапайым қимылдарды меңгереді. Бұл жай ғана ресмилік емес, адам өмірін сақтап қалатын маңызды дағды", – деді Әлекешев.
Министрлік өкілінің айтуынша, әрбір патрульдік қызметкер: "Уайымдамаңыз, полиция сізбен бірге, біз сізге көмектесеміз" деген сөздерді қимылмен көрсетуді білуі керек.
"Бұл әсіресе аудармашы табуға уақыт жоқ немесе қарапайым, бірақ маңызды хабарды жедел жеткізуді қажет ететін төтенше жағдайларда өте маңызды. Бұл тәсіл полицияға есту қабілеті бұзылған адамдармен тез байланыс орнатуға мүмкіндік береді", – деді министрлік өкілі.
Қазақша ым-ишарат тілінде алфавит жоқ
Мәжіліс депутаты Таңсәуле Серіков Оқу-ағарту министрлігі ұсынған жаңа оқу бағдарламасына қатысты мәселе көтерді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Өз басым негізі "жаңа бағдарлама" деген сөзден қорқамын. Өйткені қиналатын балалар. Керек десеңіз, зардап шегетін де сол балалар. Мектептің жаңа бағдарламасы балаға ертең мектептен кейінгі білім алуға мүмкіндік беретін жағдай жасауы керек. Сонда сіздер 11 пәнмен шеке шылқытпағанда, 8 пәнмен қалай шылқытайын деп отырсыздар? Екіншіден, мен жаңа бірдеңе естимін деп келдім. Сіздер босқа екі сағат уақыт алдыңыздар. Сіздердің не бағдарламаларыңызды, не онда көрсетілген жаңалықтарыңызды көрген жоқпын. Жаңа бағдарлама ма, басқа бағдарлама ма, мектепте 10-11 сыныпта оқитын бала қосымша курсқа барады. Неге ол қосымша курсқа барады? Бармаса дұрыс балл жинай алмайды", – деді Мәжіліс депутаты.
Сонымен қатар, депутат мектептердегі инклюзия мәселесін көтерді.
"Сіздерде не ым-ишарат тілінде алфавит жоқ, не Брайль әліпбиі жоқ. Оның қазақ, орыс тіліндегі нұсқасы қайда? Көрші мемлекеттерде бәрі қабылдаған. Бізде ол жоқ. Қай мектепте сурдолог бар? Астананың мектептерінің өзінде мылқау балаға бірде-бір бағдарлама бейімделінбеген. Қай жерде оқуы керек? Астанада 31 мың мылқау бала бар. Негізгі жаңа бағдарлама дегенде жаңа дүние естігім келді. Сегіз пәнді курстарда да оқи салады. Біз бәсекеге қабілетті балаларды дайындауымыз керек", – деді Таңсәуле Серіков Мәжілісте өткен комитет отырысында.
Айта кету керек, осыған дейін депутаттардың бірі қазақ тілінің грамматикасын жоғалтып жатырмыз деп алаңдаушылық білдіргенін жазған болатынбыз.