Теміржолмен жүру билетін электронды түрде сататын жаңа bilet.railways.kz. сайты ашылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстанда пойыз билетін сататын жаңа сайт ашылды
|
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол жобаны «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – «Бас есептеу орталығы» мемлекеттік «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында жүзеге асыруда. Жаңа сайтта пойыздың жүру билетін арнайы кабинет арқылы авторлықсыз ресімдеуге болады. Сайтта «күту парақшасы» қызметі де бар. Тұтынушы ол арқылы билет болмаған жағдайда, кезекке де тұра алады. Бос орын болған жағдайда тұтынушының электронды поштасына хабарлама түседі. Сондай-ақ, жолаушылар бұрын сатып алынған билеттерді сайт арқылы қайта өткізе алады. Дисконт карта арқылы «баруға» және «қайтуға» билеттерді бір тапсырыс кезінде ресімдеуге болады.
Оның сыртында сайтта пойыз кестесі туралы анықтамалық ақпарат, бос орындар, пойыз билетінің бағасы, жолаушыларға тиімді жеңілдіктер туралы мәліметтер жинақталған. Тұтынушы жолаушылардың бағалауына сәйкес, пойыздардың қызмет көрсету сапасына қатысты рейтингін де көреді.
«Пойыз билетін сатып алуға халықаралық төлемақы жасаудың Visa и MasterCard жүйесін қолдана алатын барлық екінші деңгейлі банктердің төлемақы карталары қабылданады. Қиын мәселе туындағанда оператордың online режімдегі көмегіне жүгінуге болады», - дейді «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы «Бас есептеу орталығының» директоры Тілеужен Оразбаев.
Жаңа сайт ұялы телефон құрылғыларына да бейімделген.