Қазақстанда Орта Азия бойынша алғаш рет 3D Print технологиясымен тұрғын үй бес күнде салынды (фото)
Қазақстанда Орта Азия бойынша алғаш рет 3D Print технологиясымен тұрғын үй бес күнде салынды (фото)
5 ай бұрын 738 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Еліміздің ең ірі мегаполисінде – Алматы қаласында осыдан  екі жыл бұрын құрылған BM Partners 3D Print компаниясының күшімен Орта Азия аймағы бойынша алғаш рет 3D басып шығару әдісімен тұрғын үй салынды. Оның құрылысы 3D принтерлерін өндіруде әлемдік көшбасшы COBOD компаниясының жабдығы арқылы басып шығарылады. Бұл жайында islam.kz порталы techcult ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Құрылыс алаңына арнайы бетон қоспасы жеткізіліп, одан сандық үлгіге сәйкес қабырғалар құйылды. Қоспасының беріктігіне жете мән берілген болды, өйткені, ғимарат сейсмикалық белсенділігі жоғары аймақта орналасқандықтан Рихтер шкаласы бойынша 7 баллға дейінгі жер сілкінісіне төтеп беруі керек. Қоспаға цемент, құм, қиыршық тас және арнайы D.fab қоспасы кіреді (COBOD және Cemex компанияларының бірлескен әзірлемесі). Қазақстанның қатал континенттік климатында құрылымдық беріктікті қамтамасыз етуге арналған қоспа. Қабырғалардың жылу және дыбыс оқшаулауышы ретінде кеңейтілген полистирол бетоны қолданылды. Қабырғаларды «басып шығарғаннан» кейін құрылыс бригадалары ғимараттардың есік-терезелерін, инженерлік желілерін әрлеу, монтаждау жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде үй бес күннің ішінде салынып бітті. Бір қабатты 3D үйдің тұрғын ауданы 100 шаршы метрді құрайды.  Құны - 21 800 доллар, бұл  баға сол аудандағы қарапайым үйлерден айтарлықтай арзан.

Напечатанный дом

Напечатанный дом

0 пікір
Мұрағат