Қазақстанда науқастардың жай-күйін смартфонмен бақылау жобасы мақұлданды
Қазақстанда науқастардың жай-күйін смартфонмен бақылау жобасы мақұлданды
8 жыл бұрын 3215 inform.kz

ҚР Инвестициялар және даму министрлігі мен «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ қолдауымен құрылған GlucoWays стартапы денсаулық сақтау саласындағы жаңа қосымшаны тексеруден өткізіп жатыр, деп хабарлайды ТДҰА баспасөз қызметі.

GlucoWays - бұл науқастардың жағдайын бақылайтын смартфондар мен веб-серверлерге негізделген автоматтандырылған онлайн жүйе. Ол қандағы глюкоза мөлшерін бақылап қана қоймай, интернет пен телефон арқылы науқастарға қашықтан медициналық консультациялар ұйымдастыруға да мүмкіндік береді.

Аталған технологияны коммерцияландыруға 4 миллион 500 мың теңге жіберілді, оның 4 миллион теңгесі - инновациялық грант болса, қалған соманы жоба әзірлеушілері инвестициялаған.

Сонымен бірге, GlucoWays жобасының авторы Әлім Хамитовтың айтуынша, қант диабетімен ауыратын адамдардың қанындағы қант мөлшерін тез және ауыртпай анықтайтын  GlucoWays клипстері жасалды.

 GlucoWays  құрылғысын қант диабетімен ауыратындар ғана емес, ауыру қаупі төніп тұрғандар да қолдана алады. Құрылғы қандағы қант мөлшерін тұрақты бақылауға қажет және нарықтағы ең жинақты әрі ыңғайлы құрал болуы мүмкін. 

0 пікір
Мұрағат